Бүгінгі «Өнер Time» аула клубының 4-күні Әкелер күніне орай ұйымдастырылған танымдық іс-шаралармен жалғасты. Осыған орай қатысушылар аудандық кітапханаға барып, мерекелік тақырыптағы кітаптармен және көрмелермен танысты.
Кітапхана қызметкерлері балаларға әкенің отбасы мен қоғамдағы рөлі туралы қызықты мәліметтер ұсынып, кітап оқудың маңыздылығы жөнінде әңгіме өткізді. Балалар белсенді қатысып, өз ойларын ортаға салып, жаңа білім алды.
Танымға толы бұл күн балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, отбасы құндылықтарын дәріптеуге де үлкен үлес қосты.