Skip to content

Тарихы

Сырым ауданы МКҚК «Балалар және жасөспірімдер шығармашылық орталығы» – аудан аумағындағы балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық әлеуетін дамытуға, бос уақытын тиімді ұйымдастыруға бағытталған жетекші қосымша білім беру мекемелерінің бірі.

Орталықтың тарихы 2000 жылғы 14 қаңтардан бастау алады. Сырым ауданы әкімінің №13 шешіміне сәйкес, аудандық білім беру бөліміне қарасты Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын ретінде құрылған мекеме алғашында Тәрбие және туризм орталығы атауымен жұмысын бастап, туризм және тәрбиелік бағытта қызмет атқарды.

Уақыт талабына сай мекеменің мазмұны кеңейіп, құрылымы жетілдіріліп, 2012 жылдан бастап қазіргі «Балалар — жасөспірімдер шығармашылық орталығы» атауымен қызметін жалғастырып келеді.

Орталықтың негізгі мақсаты – балалар — жасөспірімдерге қосымша білім беру арқылы олардың жеке тұлғалық қабілеттерін дамыту, шығармашылық ойлауын қалыптастыру, қызығушылықтары мен сұраныстарын қанағаттандыру.

Қосымша білім беру жүйесінің басты ерекшелігі – әр баланың табиғи дарыны мен мүмкіндігін ашуға жағдай жасау, өзін-өзі танытуына қолдау көрсету, азаматтық белсенділігі мен өмірлік ұстанымын қалыптастыру.

Орталық қызметінің негізгі ұстанымы – тұлғаны жан-жақты дамыта отырып, шығармашылық қабілетін шыңдау, өзіне деген сенімділігін арттыру және қоғамдық өмірге бейімдеу.

Орталықта оқу-тәрбие жұмыстары бірнеше бағыт бойынша жүйелі түрде жүргізіледі:

  • сәндік-қолданбалы өнер;
  • қоғамдық-гуманитарлық;
  • спорттық;
  • техникалық;
  • көркем-эстетикалық;
  • әскери-патриоттық.

Бұл бағыттар балалардың қабілеттерін ашып, бос уақытын мазмұнды өткізуіне мүмкіндік береді. Қазіргі таңда орталықта 31 педагог еңбек етіп, 82 үйірме жұмыс істейді. Үйірмелерге 988-ге жуық оқушы тартылған.

Әр жылдары орталықты тәжірибелі басшылар басқарды:

  • Л.Т. Нұрмұханова (2000–2003 жж.)
  • А.К. Жоламанова (2003–2007 жж.)
  • Ж.Т. Купешова (2008 ж.)
  • А.Ж. Мұхамбетжанова (2009–2012 жж.)
  • М.С. Ахметкалиев (2012–2013 жж.)
  • С.Е. Жұбаниязова (2013–2014 жж.)
  • А.Ж. Мұхамбетжанова (2014–2019 жж.)
  • Г.Н. Шайхиева (2019–2020 жж.)

Қазіргі таңда орталық директоры қызметін Батыршин Бейбит Ахметұлы атқарады.

Орталықтың дамуына өлшеусіз үлес қосқан көрнекті тұлғалардың бірі –
Қаяпбергенов Қанапия Карекешұлы, ардагер ұстаз, тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Батыс Қазақстан облысының үздік спорт қызметкері, Сырым ауданының Құрметті азаматы.

Ол ұзақ жылдар бойы тоғызқұмалақ үйірмесін жүргізіп, көптеген дарынды спортшыларды тәрбиеледі. Оның шәкірттерінің бірі – тоғызқұмалақтан екі дүркін әлем чемпионы Әсет Қайыржанов. 2023 жылы Қанапия Карекешұлына «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы» атағы берілді. Ұстаздың өнегелі жолы – кейінгі ұрпаққа үлгі.

Орталық жанындағы би үйірмесі – ең белсенді әрі нәтижелі шығармашылық бағыттардың бірі. Үйірме балалардың эстетикалық талғамын қалыптастырып, сахналық мәдениетін дамытып келеді.

Үйірме жетекшісі  Саргузиева Айнагул Отарбайқызы  тәрбиеленушілерді республикалық және халықаралық деңгейдегі байқауларға дайындап, жоғары нәтижелерге қол жеткізді.2007ж «Аружан» би тобына «Халықтық» атағы беріліп, ұжымның кәсіби деңгейі айқындалды.

Сондай-ақ үлгілі «Айналайын», «Еркеназ» би ансамбльдері түрлі халықаралық және республикалық байқауларда Гран-при мен жүлделі орындарға ие болып, орталықтың мәртебесін арттырды.

Сырым ауданы МКҚК «Балалар мен жасөспірімдер орталығы» өз қызметі барысында аудандық, облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі байқауларда жоғары нәтижелерге қол жеткізген дарынды тәрбиеленушілерді тәрбиелеп келеді. Орталықтың әрбір жетістігі – педагогтардың кәсіби еңбегі мен оқушылардың шығармашылық ізденісінің жемісі.

Орталық жанындағы би үйірмелері көптеген халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары мен бас жүлде иегерлері атанды.

  • ІІ Халықаралық «Тұлға» көпжанрлы байқауы (Қарағанды) – Гран-при
  • Халықаралық «Край любимый сердцу снится» байқауы (Самара, РФ) – ІІ орын
  • VII Халықаралық «Viva Astana» байқауы (Астана) – І орын
  • Халықаралық «Summer Energy» (Астана, 2023 ж.) – І орын
  • Республикалық «Dance Kazakhstan’s» байқауы (Астана, 2023 ж.) – І орын
  • Халықаралық «Creative Awards» (Алматы, 2024 ж.) – Гран-при
  • Халықаралық байқау (Ташкент, 2025 ж.) – Гран-при
  • Республикалық интернет-байқау «Көктем неткен керемет»
    • Флешмоб номинациясы – І орын (2016 ж.)
    • Қазақ биі номинациясы – І орын (2016 ж.)
  • ІІ Халықаралық «Ақ сұңқар» балалар мен жасөспірімдер фестивалі
    • Үлкен топ – Бас жүлде (2016 ж.)
    • Орта топ – І орын (2016 ж.)

Ансамбльдің көркемдік жетекшісі Нұрмұханова Гүлшат Нұрболатқызына 2018 жылы Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің бұйрығымен «Үлгілі өнерпаздар ұжымы» атағы берілді.

  • Республикалық «Айгөлек» телевизиялық балалар байқауы – Бас жүлде иегері (2014 ж.)
  • Халықаралық «Каршияка» фестиваль-концерті (Измир, Түркия, 2015 ж.) – арнайы дипломдар

Көркемдік жетекшісі – Жоламанова Гүлден Жалғасқызы.

Сондай-ақ орталықта Жансая Қанатқызының жетекшілігімен жұмыс істеген «Керім-ай» би тобы үздіктер қатарынан көрініп, аудандық және халықаралық байқауларда жүлделі орындарға ие болды. Бұл ұжым жас таланттардың өнерін шыңдап, шығармашылық қабілеттерін дамытуға зор үлес қосты. Қазіргі таңда аталған топтың орнын Гүлрайхан Қамбарқызы жетекшілік ететін жаңадан құрылған «Кербез» би үйірмесі басып, өз жұмысын табысты жалғастырып келеді.

Сырым топырағында дүниеге келген қылқалам шебері Мұратбек  Жоламановтың  бейнелеу өнері саласындағы алар орны ерекше. Мұратбек Тауфихұлы 1972–1985 жылдары Мұқадес Есламғалиев атындағы көшеде орналасқан үйде тұрып, Абдолла Жұмағалиев атындағы орта мектепте білім алды. Осы кезеңде бейнелеу өнеріне қызығушылығы артып, шығармашылық жолындағы алғашқы қадамдарын жасады.

Мұратбек Жоламановтың шығармашылығы тәуелсіздік идеясы, ұлттық тарих пен рухани құндылықтарды көркем бейнелеуге бағытталды. Ол қазақ халқының азаттық жолындағы күресін, тарихи тұлғалар мен елдік мұраттарды өз туындыларында шынайы сипаттады.

Дарынды суретші 2000 жылы өмірден өтті. Десе де оның есімі туған өлкесінде ұлықталып, 2016 жылы туғанына 50 жыл толуына орай Сырым ауданында еске алу шаралары ұйымдастырылды. Қоңыр ауылындағы өзі тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылып, Абдолла Жұмағалиев атындағы орта мектепте Мұратбек Жоламанов атындағы сынып ашылды. Сондай-ақ қазіргі Жымпиты ауылындағы аудандық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығының алдында суретшінің мүсіні қойылды. Ағасына көрсетілген құрмет үшін туысқандарының атынан Мұратбектің інісі, Ақжайық ауданының әкімі Әділ Жоламанов та ризашылығын білдірді. Аталмыш мекемеде жыл сайын «Құлагер ғұмыр» атты аудандық жерлес суретшіге арналған байқау дәстүрлі түрде оздырылады.

Орталық алдында өмірден ерте өткен дарынды суретші Мұратбек Жоламановтың мүсінінің орнатылуы – рухани сабақтастықтың жарқын үлгісі. Оның есімімен аталатын «Жас суретші» үйірмесі жас таланттарды тәрбиелеуде.

М. Жоламанов атындағы «Жас суретші» үйірмесінің оқушысы
Сүйінғали Мақсат Ерболұлы
«Ел үміті» – Қазақстан Республикасындағы дарынды балалардың ұлттық антологиясына енді.
Жетекшісі: Рахметова Гүлім Гиньятқызы

2016 жылдың наурыз айында Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Жауқазын-2016» жобасы өтті. 2016 жылы өткен «Жауқазын-2016» шығармашылық байқауы Батыс Қазақстан облысы көлемінде ұйымдастырылып, жас дарындардың өнерін қолдауға бағытталды. Аталған байқау Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды.

Бұл игі бастамаға Сырым ауданы да белсене қатысты. Шарадан соң жиналған көрермендер аудан жас шеберлерінің туындылары қойылған «Тәуелсіздікке тарту» атты көрмесін тамашалады. Көрмеге Сырым ауданының Мектептен тыс жұмыс орталығының үйірме мүшелерінің, аудан мектептерінің оқушыларының және жетекшілерінің кескіндеме, графика, мүсін, фото өнері, зергерлік, сәндік-қолданбалы өнер бұйымдары ұсынылды. Көрмеге қойылған 300-ге жуық жұмыстың бесеуі Облыстық тарихи-өлкетану музей қорына табысталды. Сонымен қатар, Ғұмар Қараш мұражайында Сырым ауданы балалар — жасөспірімдер шығармашылық орталығының «Айтұмар» қолөнер үйірме жетекшісі Макарова Мая Амандыққызы шеберлік сағатын өткізді.

         •        жас таланттарды қолдауға,

         •        шығармашылық әлеуетті дамытуға,

         •        ұлттық өнер мен дәстүрді насихаттауға үлес қосты.

 «Жауқазын-2016» байқауы Сырым ауданындағы жас буынның өнерге деген қызығушылығын арттырып, олардың облыстық деңгейде танылуына мүмкіндік берді. Бұл жоба аудан жастары үшін шығармашылық тәжірибе алмасудың, өз қабілетін шыңдаудың маңызды алаңына айналды.

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінде Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы атынан қолөнер шебері Нұрболат Қабиев Ұзақбайұлы ағаштан жасалған ұлттық және сәндік бұйымдарын көпшілікке таныстырды. Шебердің туындылары қазақ халқының дәстүрлі қолөнер мәдениетін, табиғи материалды ұқыпты пайдалану шеберлігін және заманауи дизайн элементтерін үйлестіре білуімен ерекшеленді.

Нұрболат Қабиевтің жұмыстары көрме қонақтарының ерекше қызығушылығын тудырып, Сырым ауданының шығармашылық әлеуетін, сондай-ақ ұлттық өнерді дамытудағы үлесін кеңінен насихаттауға мүмкіндік берді.Нұрболат Ұзақбайұлының «Ынтымақ әуені» атты туындысы Астана қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясына сыйға тартылды.

Сұлтанғалиев Мұса Самиғоллаұлының туындыларыны туған өлкесінің  тарихы жөнінде көп сыр шертетін. Еңбектерінің тақырыптары көбінесе Сырым Датұлы, Жаһанша Досмұхамедовке, Шәмші Қалдаяқовқа, жерлес інісі, белгілі ақын, журналист Бауыржан Халиоллаға арналған портреттері, салалы саусағымен салған қолтаңбалары мен иесіз қаламдары соңында қалды. Мұса Самиғолла ұлының төл туындысы Абай Құнанбайұлының портреті Семей өлкесінен келген қонақтарға сыйға берілді.

  • Түменбайқызы Зубайда
    Халықаралық Alash Star көпжанрлы өнер байқауы
    (Стамбул, Түркия, 2024 ж.) – Бас жүлде
    (Қолөнер номинациясы)
    Жетекшісі: Джакупова Г.М.

Орталық педагогтары мен үйірме жетекшілері халықаралық және өңіраралық көрмелерге белсенді қатысып келеді:

  • Қазақстан – Ресей ХХІ өңіраралық ынтымақтастық форумы
    (Орал қаласы, 11 қараша 2025 ж.)
    Қатысушылар: М. Рамазанов, Г. Джакупова, Н. Қабиев
  • AUYLFEST халықаралық фестивалі
    (қой жүнінен жасалған бұйымдар көрмесі, 2025 ж.)
    Қатысушылар:
    • «Атамұра» үйірмесінің жетекшісі – Рамазанов Мұрат Кішібекұлы
    • «Айтұмар» қолөнер үйірмесінің жетекшісі – Джакупова Гүлжан Махасқызы

2025жылдың 29 наурыз күні Әзірбайжан Республикасының Баку қаласында өткен халықаралық музыка фестивалінде эстрадалық вокал номинациясы бойынша Сырым аудандық білім беру бөліміне қарасты «Балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» МКҚК-ның вокал үйірмесінің дарынды оқушысы Газимова Айзере ән байқауынан Бас жүлдені жеңіп алды.
Жетекшісі – Қанатқалиев Алтынбек.

Жетістіктер – орталық беделінің айғағы

Орталық тәрбиеленушілерінің жүлделі орындары мен лауреаттық атақтары – балалардың шығармашылық әлеуетін ашудағы жүйелі еңбектің, педагогикалық шеберліктің және тәрбие жұмысының нәтижесі.

Бұл жетістіктер Сырым ауданы МКҚК «Балалар және жасөспірімдер орталығының» өңірдегі қосымша білім беру саласындағы беделін арттырып, болашаққа деген сенімді қадамдарын айқындай түседі.

  • 1 маусым – Балаларды қорғау күні,
  • Аудан әкімінің жаңа жылдық шыршасы,
  • Наурыз мейрамы

секілді мәдени-көпшілік шараларды жоғары деңгейде ұйымдастырып келеді. Бұл шараларға аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан және озат оқушылар тұрақты түрде қамтылады.

  • қосымша білім беру ұйымының даму бағдарламасын жетілдіруді,
  • озық тәжірибелерді енгізуді,
  • материалдық-техникалық базаны нығайтуды,
  • әдістемелік және ақпараттық ресурстарды дамытуды

негізгі міндет ретінде айқындап отыр.

Сырым ауданы МКҚК «Балаларжасөспірімдер шығармашылық орталығы» – өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына, шығармашылық әлеуетін ашуға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған абыройлы жолын алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғастыра береді.